BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мехикода Қазақстан Елшілігі ашылды (ФОТО)

Мексика астанасы Мехикода Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми ашылуының салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне Қазақстан сыртқы ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған іс-шара Мексикадағы соңғы 10 жылда алғашқы инаугурациялардың бірі болды. Оған қазақ диаспорасы өкілдері, сыртқы саяси ведомствосының басшылығы, мемлекеттік органдарының өкілдері, парламент, дипломатиялық корпус өкілдері, ОПАНАЛ (Латын Америка және Кариб алабында ядролық қаруды тыйым жөніндегі агеттігі) басшылығы, іскерлік топтар өкілдері, сондай-ақ елшілік достары, барлығы 120-дан астам адам қатысқан. Салтанатты жиында Мексиканың Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Карлос Альберто де Иказа және ОПАНАЛ Бас хатшысы Луис Филипе де Маседо Суареш құрметті қонақтар болды.

Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесов өзінің баяндамасында еліміздің соңғы жылдардағы маңызды жетістіктері туралы баяндап, сондай-ақ қонақтарды Қазақстан мен Мексиканың екіжақты ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі туралы егежей-тегжейлі ақпараттандырды.

К.А. де Иказа Мексика үкіметі атынан құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы басшылығының Мексика астанасында өзінің елшілігін ашу туралы саяси шешімінің маңыздылығы мен мәнін атай отырып, Астана мен Мехиконың әлемдік күн тәртібіндегі көптеген бағыттардағы саяси диалогының дамуы мен екі елдің сыртқы саяси беталыс бағытының ұқсастығын баса айтты.

Іс-шара достастық және мерекелік жағдайында өтті және қаланың ресми билігінің өкілдерін қоса алғандағы барлық қонақтар Қазақстанның Елшілігі ғимаратының стратегиялық орналасуын атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер