BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

М.Платини: Қазақстан - керемет ел

 АСТАНА. 27 наурыз. BAQ.KZ - Қазақстан - керемет ел, Астана - жас әрi әдемi елорда, дедi бүгiн Астанада УЕФА Конгресiнiң отырысында ұйым басшысы, даңқты футболшы Мишель Платини. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

 «60 жыл бұрын УЕФА құрылған кезде осынау ұйымның XXXVIII кезектi отырысы Қазақстан атты керемет елде және жас әрi сұлу елорда - Астанада өтедi деп кiм ойлаған? Қонақжайлықтарыңызға мың алғыс бiлдiремiн», - дедi УЕФА президентi Мишель Платини.

Оның сөзiне қарағанда бүгiнгi конгресс жылнамада мәңгi сақталатын болады және оның қатысушылары УЕФА болашақ тарихын жазуға атсалыспақ.

«60 жыл - ол тұтас эпопея, қызығы мол тарих және бiз бүгiн оның жазылуына атсалысып отырмыз», - дедi ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер