BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Лорд М. Шейх: Ұлыбритания Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті құру жүйесінде атқаратын рөліне таңқалуда

2 маусымда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания парламентінің Лордтар палатасының мүшесі лорд Мұхаммед Шейхпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар қазақстан -британ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы қараша айындағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген екі ел арасындағы келісімдерді іске асыру барысын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы британдық парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік топтың құрылуын құптап, парламентаралық байланыстың одан әрі күшеюіне сенім білдірді. «Бүкілпартиялық парламенттік топтың ү.ж. күзге жоспарланған ресми сапары қатынастарымыздың жан-жақты дамуына қосымша серпін беретініне және барлық бағыттарда сенімді, ашық диалогтың одан әрі тереңдеуі үшін негіз болатынына сенемін», – деп атап өтті Е. Ыдырысов.

«Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті құру жүйесінде атқаратын рөлі және халықаралық қақтығыстарды реттеудегі оның жәрдемі таңқалдырады», – деді М. Шейх. Сонымен қатар, Қазақстанның халықтар арасындағы келісім мен төзімділікті, құрмет пен достықты ілгерілету бойынша жалпы ұмтылыстарының ерекше үлесін баса айтты.

Астанаға сапар барысында британдық лорд «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияға және «KADEX – 2016» 4-ші халықаралық қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік көрмесіне қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер