BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Лорд Фрэнсис Мод Академияға келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ректор Болатбек Абдрасиловтың лорд Фрэнсис Модпен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды аталмыш академияның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Френсис Мод Ұлыбританияның Министрлер кабинетінде мемлекеттік қызметтің дамуына жауапты болғанын және осы салада бірқатар реформалар жөнінде бастама көтергенін, сонымен бірге мемлекеттік басқару жүйесіне инновацияларды енгізумен айналысқанын айтты. Нәтижесінде мемлекеттік жобалар мен бағдарламалардың аудит жүйесі енгізіліп, Ірі жобаларды басқару жөніндегі арнайы агенттік құрылған. Оның басшылығымен Көшбасшылық академиясы ашылған және Оксфорд университетінің Саид бизнес-мектебімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың басшыларын жобалық басқару бойынша оқыту үшін арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеген. Бұл Ұлыбританияда икемді жобалық басқару қағидаттары мен оларды бағалау жүйесін қысқа мерзім ішінде енгізуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар жобаларды іске асыру тиімділігін тексеру нәтижелері туралы есептерді тұрақты түрде жариялау енгізіліп, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етті. Осылайша, ұлттық жобаларды басқару бөлігінде, үкіметтің ашықтық және айқындық қағидаттары іс жүзіне асырылды. Ректор Б. Абдрасилов, өз кезегінде, Академиядағы оқу процесін жаңғырту, мемлекеттік қызметшілерді оқытуда инновациялық тәсілдерді енгізу, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша жаңа бастамалар әзірлеу барысы туралы және Ұлыбританияның мемлекеттік органдарымен, оқу орындарымен, сондай-ақ британдық мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық енеджментті енгізумен айналысқан компаниялармен өзара іс-қимыл тәжірибесі жөнінде әңгімеледі. Кездесу соңында лорд Мод Академияның қызметіне жоғары баға берді және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде Қазақстанның мемлекеттік органдарының басшыларына арналған жобалық менеджмент бойынша семинарлар циклін Академия базасында ұйымдастыруға қызығушылық танытты. Лорд Мод – британдық танымал саяси және қоғам қайраткері, әр жылдары Консервативтік партияны, сыртқы істер, сауда және инвестиция, тұтынушыларды қорғау министрліктерінде жұмыс істеді, Ұлыбритания Министрлер кабинетінің Бас қазынашысы лауазымын атқарды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер