BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қ.Тоқаев ЮНЭЙДС басшысымен кездесті

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНЭЙДС (БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасының) Атқарушы директоры Мишель Сидибемен кездесті.

Сенат басшысы Қазақстан СПИД, өкпе аурулары және безгекпен күрес жөніндегі БҰҰ ВИЧ/СПИД жөніндегі біріккен бағдарламасының қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті. Қ.Тоқаев ВИЧ/СПИД-пен күрес Қазақстан Үкіметінің негізгі стратегиялық құжаттарына, денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгенін айтты. Сондай-ақ ВИЧ-тің таралуымен күрес жөніндегі Орталық Азия елдері үшін Алматыда аймақтық кеңсесі ашылуының маңыздылығы да айтылды. М.Сидибе Қазақстан Үкіметінің ВИЧ/СПИД-пен күрес жөніндегі шараларын жоғары бағалады және БҰҰ ВИЧ/СПИД жұмысы кеңінен қолдау тапқаны үшін еліміздің басшылығына алғыс айтты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстан халқының арасында ВИЧ індетінің таралу деңгейі 0,1 пайызды құрайды, Орталық Азия аймағындағы басқа елдерге қарағанда және орташа әлемдік көрсеткіштерге қарағанда 1,1 пайызға төмен болып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Наурыз 2018, 10:26
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі
Пікірлер