BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік және ынтымақтастық: жаңа сапалы кезеңнің басталуы

Астана. 4 мамыр. Baq.kz - 1 мамырда Астана қаласында 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан мен Еуропалық Одағы арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімінің (КӘЫК) кейбір ережелерінің уақытша қолданылуы басталды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Бұған дейін 2016 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Еуропалық тарапының ресми хабарландыруына сәйкес уақытша қолданысқа тек Еуропалық Комиссиясының құзыретіне жататын ережелер енеді. Олардың арасында сыртқы саясат пен қауіпсіздік, демократияландыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық және тұрақты даму, сауда, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылық және басқа салалар бойынша ынтымақтастық мәселелері бар.

Келісім толық күшіне Еуропалық Одағы 28 мүше мемлекеттерінің ұлттық парламенттерінде ратификациялаудан өткеннен кейін енеді. Оған дейін 1995 жылғы Қазақстан мен Еуропалық Одағы арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім өз күшін сақтайды.

Қазақстан Еуропалық Одақпен осындай екінші буындағы келісімге қол қойған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болды.

Жаңа келісім әрекеттестіктің шегін 29 салаға дейін кеңейтіп, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын және Еуразиялық Экономикалық Одағында мүше ел болуын ескерумен қатар, ҚР мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюлуы Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарын дамыту және нығайтуындағы маңызды қадам болып, ынтымақтастықтың жаңа деңгейге өткендігін айқындайды.

2016 ж. 29 сәуірде Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Егемен Қазақстан» газетінде өзінің мақаласында атап өткендей: «Еуроодақпен жаңа Келісім еуропалық институттармен де, Еуропа мемлекеттерімен де барлық деңгейде әрі қарай ынтымақтасуды тереңдетудің берік негізін қалайтындығын, сондай-ақ Қазақстанның одан әрі саяси және экономикалық дамуының қозғаушы күші болады».

Келісімнің толық мәтінімен және келісімнің уақытша қолдануға енген ережелері туралы еуропалық тарапының хабарландыруымен келесі электрондық сілтемесі арқылы танысуға болады:

http://mfa.gov.kz/index.php/ru/vneshnyaya-politika/dogovorno-pravovaya-baza/dvustoronnie-mezhdunarodnye-dogovory-respubliki-kazakhstan/12-material-orys/6390-evrosoyuz-mpd  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер