BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қорғаныс министрлігі шетелдік компаниялармен келісім жасады

Астана. 3 маусым. Baq.kz – «KADEX-2016» көрмесінде Қорғаныс министрлігі шетелдік компаниялармен ынмақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Елордада өтіп жатқан ҚР Қарулы күштердің Авиациялық нысанында Қорғаныс министрілігінің тікелей қолдауымен «Қазтехнология» АҚ шетелдік компаниялармен ынмақтастық жасасты.
Қорғаныс министрініңорынбасары Н.Сауранбаев және «Қазтехнология» АҚ өкілдері қытайлық екі компанияменалдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаластыққа қол қойды.
Енді бұл келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдау көрсетуімен«Қазтехнология»АҚ қытайдың Norinco Corp компаниясымен ірі калибрлі оқ-дәрі шығарутехнологиясына қол жеткізіп отыр. Бұл келісім негізінде Poly Technologiesкомпаниясы алдағы уақытта әскерилер үшін тұрғын үй құрылысын бастайтын болады.

Естеріңізде болса, IV халықаралық «KADEX-2016»көрмесінің бірінші күнінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Украина және Беларусьпен 3 маңызды келісімшарт жасаған болатын. Бұдан басқа «Қазтехнология»компаниясы патрон зауытының алда жасалатын өнімдерін тиісті жерлеріне жеткізіпберу туралы БАӘ, Ұлыбритания және Болгариямен үш келісімге қол жеткізді.Сондай-ақ, Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері үшін зымыран-артиллериялықкорабльін сатып алу турасында «Диарсан» түрік компаниясымен меморандумға қолқойылып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер