BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көне Эллада халқы Қазақстан елін ұмытпай, қадір тұтуда

Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі Ахарнон қаласында өткен ірі гүл жәрмеңкесіне қатысты. Бұл қала әлемдік маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіштерімен танылады, бұған қоса 150.000 қала тұрғындарының басым бөлігі ыдыраған Кеңес Одағының ғана емес, ғұмыр кешіп жатқан қазақстандықтармен де белгілі, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Жәрмеңке қонақтары қатарында Грекия Қоршаған ортаны қорғау және энергетика министрінің орынбасары Й.Тсиронис, Ахарнон қаласының Митрополиті П.Филиппу, Грекия Парламенті депутаттары, көршілес қалалар мен аймақтар басшылары болды.

Ахарнон қаласының басшысы Я.Кассавос өз құттықтау сөзінде үстіміздегі жылы Оңтүстік Қазақстанда (Шымкент және Түркістан қалалары) іс-сапармен болып, қала тұрғындарының өздерінің екінші Отандары арасындағы тығыз байланыста екеніне атап өтті. 2008 жылдан бастап Ахарнон мен Шымкент Бауырлас қалалар атанды. Бүгінгі таңда қалалар арасында екіжақты ынтымақтастық пен серіктестік даму үстінде.

Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі А.Волков өз құттықтау сөзінде мемлекетіміз биыл үлкен тарихи оқиға – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тойланатындығы туралы баяндады. Республикамыз аталған аралықта тұрақты және мықты мемлекет, дамыған экономикасы мен жаһанда нық ұстанымы бар аймақтық державаға айналғандығына да тоқталды. Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық келісімнің тұрақты жүйесі қалыптасып, 10.000 астам грек диаспорасы кіретін Қазақстан Халқы Ассамблеясының белсенділігі аталып өтті.

Елші А.Волков грек халқына Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және бейбітшіліктің, дінаралық пен ұлтаралық келісімнің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Бұған қоса, жиналған қауым Қазақстанның тарихи дамуы мен Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекетіміздің қол жеткізген белестерімен таныстырылды.

Ахарнон қаласы басшылығы мен қазақстандық дипломаттардың атсалысуымен ұйымдастырылған іс-шарада елімізде Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында жасалып жатқан қызу дайындық жайлы ақпаратқа тұрғындар зор қызығушылық танытты.

Іс-шара аяғы Ахарнон қаласы муниципалитеті филармониялық оркестрінің, қатарында кеткен отандастарымыз да бар, концертімен жалғасты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер