BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

"Бұлай болмайды". Қытай консулы тағы да советтік менталитет туралы айтты

Чжан Вэй көрші мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынас дамытқылары келетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Чжан Вэй екі мемлекет қарым-қатынасына қатысты пікір білдіріп, қытайлықтардың Қазақстанмен тек достық байланыста болғылары келетіндерін мәлімдеді. Мұнымен қатар, ол көптеген адамның не себепті қытайлықтардан қорқатынын түсінбейтінін айтты.

«Біз – көршіміз. Қытай ешуақытта біреуге шабуыл жасап көрген емес. Съезд кезінде біздің төраға Қытайдың алдағы уақытта тек бейбіт жолмен жүретінін нақты айтып өтті. Біз басқа мемлекеттермен бірге қызмет жасаймыз және белгілі бір мемлекеттермен шекаралас жатырмыз. Әріптестік қарым-қатынасты сыйластық, сенім, түсіністік, достық және өзара пайда сынды қағидалардың негізінде құрамыз (...). Егер бізбен бірге қызмет жасағыларыңыз келсе, біз келіп тұрамыз. Ал бас тартсаңыздар, бұл шешімдеріңізге де құрметпен қараймыз. Ешкімге байланбаймыз және ешкімді мәжбүрлемейміз. Бұл жай ғана айтылған сөзді емес, айтқанымызды ісімізбен дәлелдеуге әзір екенімізді көрсетеді», — дейді ол.

Мұнымен қатар, ол кеңес заманында дұшпан болған күндер артта қалуы тиіс екенін айтып өтті.

«Бұл нәрсе бүгін қайталанбауы тиіс. Қазір адамдар бір-бірлерін жақсырақ түсінгендері жөн. Жер ғаламшары – барлығымызға ортақ әлем. Сол себепті, адамдар бір-бірлерімен көбірек араласулары керек. Іскерлік және инвестициялық қарым-қатынастан бөлек, білім мен мәдениет саласындағы әріптестік қарым-қатынасты дамытуға деген ниетіміз мол», — дейді ол.

Бас консулдың айтуынша, бір-біріне барып тұратын қазақстандық және қытайлық студенттердің саны жыл санап өсіп келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер