BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қ.Бишімбаев ЭЫДҰ Министрлер кеңесінің отырысына қатысады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2016 жылғы 2 маусымда Париж қаласы (Франция) ЭЫДҰ штаб пәтерінде өтетін 2016 - ЭЫДҰ Министрлік Кеңес отырысына қатысады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыстың негізгі тақырыбы «Инклюзивті өсу үшін нәтижелілікті көтеру» болып табылады. Отырыс шеңберінде «Инклюзивті және тұрақты өсім үшін әмбебап күн тәртібі: 2030-ға жоспар» және «Инклюзивті өсім үшін сауда және инвестицияларға салымды күшейту» тақырыптарына презентация өткізуді қоса іс-шаралар қатары жоспарланды. Презентация барысында тұрақты даму мақсаттарын еңгізу және мониторингілеу үшін ЭЫДҰ қолдау мүмкіндігін, сондай-ақ инвестициялық болжам және ғаламдық сауда жағдайын қарау жоспарлануда.

Отырыста сонымен қатар Қазақстан Республикасының Елдің бағдарламасын іске асыру, ЭЫДҰ Еуразия бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы, сондай-ақ ҚР монополияға қарсы заңнамасын ЭЫДҰ халықаралық тәжірибе және стандарттарына сәйкес келтіру мәселелері талқыланатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер