BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қазақстанға ресми сапармен Монако Әділет министрі келді

 АСТАНА. 13 наурыз. BAQ.KZ – Бүгін Астанада ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Монако Князьдігінің Әділет министрі (Заң қызметінің директоры), Мемлекеттік Кеңес төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы Филипп Нарминомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Кездесу барысында ҚР Бас прокуроры мен Монако Әділет министрі ведмоствоаралық өзекті мәселелер жөнінде, атап айтқанда қылмысқа қарсы күрес саласы, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту жайында екіжақты пікір алмасты.

 

Филипп Нармино, Монако Князьдігінің Әділет министрі (Заң қызметінің директоры), Мемлекеттік Кеңес төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы:


- Біз өз қызметімізде қылмыстың шекарасы болмайтындығын басты принцип етіп аламыз. Монако Князьдігі барлық мемлекеттермен құқықтық салада да терең қатынастарға ерекше мән береді. Қылмыстық-құқықтық саласындағы меморандумдар бұл орайда өз нәтижесін береді. Осы орайда ҚР Бас прокурорының шақыртуын біз ерекше ықыласпен қабыл алдық. Біз екі мемлекет арасындағы құқықтық байланыстардың тереңдей түскенін қалаймыз. Болашақта екі ел арасында белгілі бір құқықтық база қалыптасатынына сенімдімін.


Сонымен қатар, кездесу барысында екіжақты меморандумға қол қою мен құқықтық саладағы тәжірибе алмасу туралы келіссөздер жасалды.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС


Сурет ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер