BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанға БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы келді

 АСТАНА. 26 наурыз. BAQ.KZ – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасы Марат Әзілханов БҰҰ Дін немесе сенім еркіндігі жөніндегі Арнайы баяндамашы Хайнер Билефельдт мырзамен кездесті. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

 Кездесу барысында Агенттіктің басшысы сұхбаттасын Қазақстандағы қазіргі діни ахуалмен таныстырды. Дін саласындағы Қазақстанның заң базасы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын іске асыру, сондай-ақ діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметі мәселелері туралы жан-жақты пікір алмасу болып өтті.
10-күндік сапары барысында БҰҰ Дін немесе сенім еркіндігі жөніндегі Арнайы баяндамашы, профессор Хайнер Билефельдт ҚР Парламенті, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңесінің, мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеседі және Алматы қаласы мен Қарағанды облысына сапарымен баратын болады.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер