BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Қазақстандық тележобалар Қытай телеарналарында көрсетіледі

«Қазақстан» РТРК АҚ және «Hunan» телерадиокорпорациясы 2017 жылдың 9 маусымында телевизия саласында ынтымақтастық пен өзара келісім орнату туралы меморандумға қол қойды, деп BAQ.kz.

Hunan Television Қытайдағы көрсетілімі ең жоғарғы телеарналардың арасында екінші орында тұр. Қытай Халық Республикасының үлкен бөлігін ғана қамтып қоймай, Гонконг, Макао сияқты арнайы әкімшілік аудандар мен Тайвань аралына да таратылады.

Сонымен қатар, «Қазақстан» РТРК АҚ бағдарламалары мен жобалары «Mango TV» интернет арнасында көрсетіледі деп жоспарлануда. Айта кетсек, «Mango TV» өз көрермендеріне контенттің барлық жанрын ұсынады. Олардың ішінде түрлі фильмдер, телехикаялар, музыка, мультфильмдер және ойын-сауық бағдарламалар мен қатар «Hunan» телерадиокорпорациясы мен Hunan Satellite TV-дің авторлық бағдарламалары да көрсетіледі. 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда, «Mango TV» интернет арнасына 39 миллионнан астам белсенді қолданушылар тіркелген.

Жоғарыда айтылғандай, екі корпорация арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жаңа музыкалық жобаны бірлесіп шығару жоспарланып отыр. Маусым айынан бастап, техникалық - ұйымдастырушылық мәселелер бойынша қызмет топтары мен шығармашылық ұжымның құрамындағы продюсерлер, режиссерлер, операторлар өз жұмысына кірісетін болады.

Hunan теле-радио хабарларын тарату Корпорациясының Президенті Люй Хуаньбин: «Музыка мен телеарна екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтады» деп айтты.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап, жыл сайынғы Халықаралық Taklimakan Rally» жол талғамайтын мотоциклдер жарысының түсірілімі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге аспақ.

2005 жылдан бастап «Taklimakan Rally» Қытайдағы ең беделді мотоциклдер жарысы болып саналады және 2012 жылы Халықаралық автомотоспорт федерациясының статусын алған. Бұл жоба қазақстандық контентті Қытай еліне кеңінен шығаруды және туризмді дамытуды көздейді.

"Аталған келісімдер отандық контентті шетелдік телевизиялық нарыққа шығару үшін бағытталған. "Hunan TV" телеарнасымен орнатылған ынтымақтастық «Қазақстан» РТРК АҚ аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді, - дейді Корпорация басқармасының төрағасы Ерлан Қарин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер