BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда өндірілетін велосипедтер Швйцарияның нарығында сатылымға түседі

Астана. 19 наурыз. Baq.kz - Қазақстанда өндірілетін велосипедтер Швйцарияның нарығында сатылуға түсетін болады. «NOMAD» отандық бренді бар алматылық «MERIDA-KZ» компаниясы велосипедтердің сынамалық партиясын Санлежье қаласына жолдады. 

Kaznex Invest қолдауымен кәсіпорын «VELO-PASSION SARL» мамандандырылған велодүкенімен «NOMAD» велосипедтерін сатуды Швейцария аумағында ілгерілету және дамыту туралы келісімге қол жеткізді.
Еуропалық тарап өнімнің алдын-ала техникалық тексерістердің нәтижелері бойынша «NOMAD» велосипедтері компоненттер мен құрастыру сапасы тұрғысынан еуропалық нарықтың талаптарына сәйкес екендігін растады.
«Неге Швейцария? Бұл елдің халқы 7,7 млн адамды құрайды, сонымен қатар велосипедтердің саны 4 миллионға жетеді! Бұл — велосипедтер елі, бұл — өмір салты. 1998 жылы Швейцарияда ұлттық велосипедтік бағыттар желісі түріндегі «Veloland Schweiz» жобасы басталды. Кейбір қалаларда велосипедті кепілзат беріп, тегін жалдауға болатын бағдарлама жұмыс істейді. Сондықтан біз үшін, өндіруші ретінде, Швейцарияның нарығына шығу өнімнің сапа деңгейін көрсету үшін және сатылымның жаңа деңгейіне шығу үшін өте жақсы мүмкіндік болып табылады», - деп «MERIDA-KZ» директоры Марат Ақынғазиев түсінік беріп өтті.
Велосипедтерді шығаратын Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз қазақстандық өндіруші үшін бұл – экспортқа шығудың алғашқы талпыныстары. Kaznex Invest қолдауымен таяу елдердің – Ресейдің, Тәжікстанның және Ауғанстанның – нарықтарын игеру алдағы жоспарларда бар.
«MERIDA-KZ» компаниясы велосипедтер өнідірісін 2007 жылы бастады, велосипедтердің балаларға арналған, қалалық модельдерінен бастап МТВ-профи және ВМХ деңгейіне дейінгі 28 астам модельдерін шығарады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер