BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасына 25 жыл

Бүгін Астанада екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толуына орай жоғары деңгейдегі «АҚШ – Қазақстан» халықаралық конференциясы өтті. Бұл туралы BAQ.kz Әлемдік экномика және саясат институтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұзақ жылғы Қазақстан-американдық қарым-қатынастың нәтижесінде ашық дипломатия орнаған.

Конференция аясында экономика мен сауда, сондай-ақ, адами капиталды дамыту салаларында жаһандық және аймақтық деңгейдегі екі жақты серіктестік мәселелері қарастырылды.

– Екі жақты қарым-қатынастың тұрақтылығы мен динамикасы мемлекеттік прагматикалық мүдделермен тікелей байланысты. Қазақстан үшін әлемдік экономикалық көшбасшымен серіктес болу – бұл жаһандық экономикаға деген интеграция. 25 жыл бойы өзара нәтижелі ынтымақтастық негізі іс жүзінде де көрініс тапты, – деді өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев.

Конференцияға қатысушылар талқылаған екі жақты серіктестіктің негізгі тұстары ретінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы жаһандық ядролық қауіпсіздік процессін нығайтудағы ықпалдастықты атауға болады.

– Біз ерікті түрде қуатты ядролық арсеналдан бас тартқан болатынбыз. Әлемде ең алғашқылар болып Семей ядролық полигонын мәңгіге жаптық. Көршілес елдермен бірге ядролық қарудан азат Орта Азиялық аймақты құрдық. Өз кезегінде, АҚШ Нанн-Лугара бағдарламасы арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған антиядролық қозғалысты насихаттауға сүбелі үлес қосты. Сонымен қатар, біз Қазақстан көшбасшысының антиядролық стратегиясының жаһандық сабақтастығы туралы да айта аламыз. Себебі, ядролық қауіпсіздік Саммитін өткізуде АҚШ құрылтайшы болды, – деді Е. Салтыбаев.

ӘЭСИ директорының айтуынша, АҚШ-тың Орта Азиядағы «С5+1» атты жаңа стратегиясы аймақтық қауіпсіздік, Орта Азияда экономикалық серіктестікті дамыту, соның ішінде аймақтың көліктік әл-ауқатын арттыру бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда маңызды серпін болмақ.

Конференция жұмысына америкалық тараптан АҚШ-тың ҚР елшісі Джордж Крол, АҚШ-тың ҚР экс-елшілері Джон Ордвей, Элизабет Джонс, Ричард Хоугланд қатысты. Қазақстан тарапынан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымова және өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер