BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Ресей транзиттік пойыздарға кедендік бақылауды алып тастады

Бүгін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов пен РФ Сыртқы Істер министрінің орынбасары, статс-хатшы Григорий Карасин Қазақстан мен Ресей шекарасы арқылы транзиттік жолаушыларға жеңілдетілген рәсім бойынша өтуге мүмкіндік беретін мақұлданған хаттамамен алмасуды растайтын құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр 4 қазанда Астанада екі мемлекет арасындағы теміржол транспортын ұйымдастыру және оған қарасты мекемелерді үкіметаралық деңгейде, заңдық тұрғыда реттейтін келісімге өзгеріс енгізу бойынша әзірленген хаттамаға қол қойылған болатын. Нәтижесінде, бұл құжатты қос мемлекеттің парламенті мен президенттері мақұлдады, - деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайты.

Жоспар бойынша, 26 қыркүйектен бастап, "Тұлпар-Тальго" жолаушылар пойызы Астана-Орал және Алматы-Орал бағыты бойынша Ресейдегі Соль-Илецк стансасы арқылы өтеді. Аталған бағыт күнара жүзеге асырылады.

Осы ретте елші Иманғали Тасмағамбетов бұл жаңалықтың іскерлік және туризм байланысын жандандыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарында мекен еткен азаматтарға жеңіл болатынын ерекше атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер