BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қазақстан мен Ресей діни саладағы әріптестікті дамыта түспек

Ресей Федерациясына жұмыс сапары кезінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев РФ Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесіп, екі елдің дін саласындағы ынтымақтастығын арттыратындықтарын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Министр Нұрлан Ермекбаев Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесуі кезінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі туралы әңгімеледі.

«Мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық мақсаты - мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуінің қазақстандық моделін барынша жетілдіру. Ол зайырлы құндылықтардың басымдықтарына және деструктивтік діни үрдістерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға негізделеді», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасында дін саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық шарттар күшіне енген. Атап айтқанда, Нұр-Мүбарак Университеті мен Мәскеу Ислам университеті арасында, Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни басқармасы жанындағы Ресей Ислам институты мен Мәскеу Ислам университеті және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы арасында әріптестік орнатылып, меморандум бекітілген.

Министрдің айтуынша, қол қойылған келісімдер екі ел азаматтарының рухани дамуына септігін тигізеді.

«Діни саланы реттеу және деструктивтік діни идеялардан халықты қорғау, діни экстремистік ұйымдардың ықпалына ұшыраған адамдарға қол ұшын созу және рухани білім беру салаларында тәжірибе алмасуды дамыту шеңберінде жасалатын жұмыстар біздің қоғамда бейбітшілік пен келісімнің одан әрі нығаюына ықпал етеді», - деді Ермекбаев.

Қазақстан тарапы халықты діни тұрғыда сауаттандыру және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ имамдарды дайындау және қайта даярлау бойынша тәжірибе алмасуды ұсынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер