BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қазақстан мен Өзбекстан әскери ведомстволарының қарым-қатынасы нығая түспек

ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Өзбекстанға ресми сапары кезінде Ташкент қаласында Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысы Кабул Бердиевпен кездесті. Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтың болашақ бағыттарын және өңірдегі қауіпсіздіктің қауіп-қатерлеріне жедел ден қою бойынша қорғаныс саласында өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екіжақты кездесу қорытындысы бойынша тараптар әскерлердің бірлескен жедел және жауынгерлік даярлығы шеңберіндегі, әскери білім беру аясындағы іс-шараларды қамтитын әскери ынтымақтастық жоспарға қол қойды. Қазақстан мен Өзбекстан әскери ведомстволарының екіжақты қарым-қатынасы тарихында мұндай құжат алғаш рет жасалып отырғанын айта кету қажет.

Сапар аясында ҚР Қорғаныс министрін Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады. Республика Президенті екі елдің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін айтты. Өз кезегінде, С.Жасұзақов Өзбекстан Республикасының Президентін құшақ жая қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебіздерін жеткізді. Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери және әскери-техникалық салаларда қазақстандық-өзбекстандық өзара тиімді серіктестікті әрі қарай нығайтуға мүдделілігі мен әзірлігін атап өтті.

Қазақстандық делегациясы Өзбекстанға сапары кезінде Коканд қаласындағы Өзбекстан Республикасы ҚК әскери бөлімдерінің біріне барды. Өзбек әріптестеріміз жеке құрамның күнделікті тыныс-тіршілігі мен жауынгерлік даярлығының ұйымдастырылу үдерісін, сондай-ақ өзбек армиясы әскери қызметшілерінің тұрмыс жағдайын көрсетті.

Екі күндік сапарының соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовті еске алып, Самарқанд қаласында орналасқан қабіріне гүл шоқтарын қойды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер