BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Қырғызстан интеграциялық үдерістер шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Эсенгул Омуралиевты қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Министр қырғыз дипломатын Қазақстанда атқарған қызметі барысында бауырлас елдер арасындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Тараптар интеграциялық үдерістердің шеңберінде Қазақстан мен Қырғызстан алдында жаңа және айтарлықтай ауқымды мүмкіндіктер ашылып жатқаны туралы айтты.

Э. Омуралиев сыртқы саясат ведомствосына оның Қазақстанда атқарған қызметі барысында көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу жылы, достық атмосферада өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер