BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әзімбай Ғали: БҰҰ тізгінін қолға алу – Қазақстан дипломатиясы үшін үлкен олжа

Саясаттанушы Әзімбай Ғали халықаралық ұйымның тізгінін қолға алу Қазақстан және Қазақстан дипломатиясы үшін үлкен олжа деп санайды. Ол бұл оқиға бүгіндері геосаясатта арасы қатты алшақтаған Ресей мен АҚШ қарым-қатынасына «жылылық» әкелуі мүмкін деген пікірде, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің мақсаты ірі державалар арасында әскери қақтығысты болдырмау еді. Осы мақсатта әр жылдары тұрақты және тұрақты емес мүшелері алмасып, кеңеске төрағалық етуде бейбітшілік мүддесінде түрлі бастама көтереді.

Биыл тұрақты емес мүшені сайлауда Қазақстан кездейсоқ таңдалып отырмаған секілді. Осы жағынан алғанда, халықаралық қауымдастық арасы тым суып бара жатқан Батыс пен Ресейді, АҚШ пен Ресейді табыстырғысы келетін болуы керек. Өйткені бұл дүрдараздық барлық тараптың экономикасына айтарлықтай зиян әкеліп жатыр», — дейді ол.

Сондай-ақ саясаттанушы Қазақстанның мүшелігінің арқасында Украина мәселесінің де оң шешім тауып, бір ретке келіп қалу ықтималдылығын жоққа шығармайды.

«Ресейге санкция Украинаға қатысты салынды. Қазір санкцияны алу туралы Еуропаның бірқатар мемлекеті мәселе көтеріп жатыр. Ресей де бұл мүмкіндікті пайдаланып, келіссөздерге баруға дайындалады», — дейді саясаттанушы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер