BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінде баяндамасын сәтті қорғады

2016 жылдың 22-23 маусымында Женевада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің 117-сессиясында азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт аясында халықаралық міндеттемелерді орындау жөнінде Қазақстан Республикасының Екінші кезеңдік баяндамасы қорғалды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстандық делегация құрамына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия, Жоғары сот, Бас прокуратура, Орталық сайлау комиссиясы, ҚР әділет, ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, сыртқы істер, ақпарат және коммуникация, білім және ғылым министрліктерінің, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері енді.

Қазақстандық делегацияның жетекшісі, әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова БҰҰ комитеті мүшелеріне адамның азаматтық және саяи құқықтарын қорғау жөнінде еліміздің жүргізіп отырған саясаты, қоғам өмірінде және іс жүзінде бес маңызды институционалдық реформаны айқындайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ұлттық заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер туралы баяндады.

Одан әрі делегация мүшелері Комитет сарапшыларының сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы түрлену мен өзгерістер, қылмыстық сот өндірісін, сот және құқыққорғау жүйесін ұйымдастыру, адам құқықтары жөніндегі өкілетті органның қызметі, экстрадациялау және адам құқықтарын қамтамасыз ету саласында өкілетті мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру туралы айтып берді.

Сауал қойған Комитет мүшелері адамның азаматтық және саяси құықтарын қорғау мәселелерінде еліміздің ілгерлегенін атап өтті. Атап айтқанда, Комитет төрағасы Фабиан Сальвиоли бұл салада Қазақстанның соңғы төрт жылда айтарлықтай жетістікке жеткенін атап көрсетті. Германия өкілі Анья Зайберт-Фоор болса, қазақстандық тарап Комитеттің барлық ұсыныстары мен ескертпелерін орындауда үлкен жауапкершілік танытқанын тілге тиек етті. Баяндамашылардың бірі Яхд Бен-Ашур Қазақстанның ел ішінде ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға бағыттарын ерекше атады.

Комитет мүшелері алдын ала қорытынды ретінде айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі келесі шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер