BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Қазақстан туристік индустрияларын дамыту жөніндегі форумға қатысады

Астана. 19 наурыз. Baq.kz - Мәскеуде ТМД мемлекеттері-қатысушыларының туристік индустрияларын дамыту жөніндегі форумға Қазақстан қатысты 

«ТМД және өзара іс-қимылдардың жаңа ауқымы» Достастығының мемлекеттері-қатысушыларының халықаралық экономикалық форумын өткізу шеңберінде, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының мемлекеттері-қатысушыларының Туризм жөніндегі кеңесінің отырысына Қазақстандық делегация қатысты.

Форум шеңберінде, ТМД-да туристік индустрияны дамыту жөнінде «2014 жыл - ТМД-да туризм жылы». ТМД-да туристік индустрияны дамыту» атты секция өтті.

Іс-шара барысында туристік инфрақұрылымдарды дамыту, туристік өнімдерді бірігіп ілгерілету, трансшекаралық және өңіраралық ынтымақтасу, туриндустрия үшін кадрлар даярлау, іскерлік туризмді және туризмнің басқа да түрлерін дамыту, құқықтық реттеу мәселелері көтерілді.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев атап өткендей, форумда ТМД-ның туристік индустриясын дамыту жөнінде ТМД-да бірігіп ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүйесін әзірлеу, ТМД елдерінің шекаралық аймақтарында орналасқан туристік нысандарға баруға рұқсат алу рәсімін оңайлату, ТМД-ның конгресс-бюросы сияқты институт тәжірибесін енгізу, ТМД-ның Туризм жөніндегі кеңесі шеңберінде, туризмнің экологиялық, гастрономиялық және басқа да түрін дамыту жөніндегі үйлестіруші органдар (жұмыс топтары) құру туралы ұсыныстар айтылды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер