BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қазақстан мен Сенегал халықаралық терроризм және дiни экстремизммен бiрге күреспек

Астана. 20 мамыр. Baq.kz - Сенегал республикасының президентi Маки Саллдың Қазақстанға ресми сапары аясында тараптар саяси-экономикалық мәселелермен қатар, халықаралық терроризм, дiни экстремизм және халықаралық қылмыстың басқа да түрлерiне қарсы күрес түйiткiлдерiн талқылады, деп хабарлайды Baq.kz. 

Мемлекет басшылары кездесу барысында қазiргi уақытта күн тәртiбiнде тұрған барлық өзектi халықаралық мәселелердi талқылады. Екi ел ұстанымдарының ұқсастығын ескере келе, халықаралық терроризм, дiни экстремизм және халықаралық қылмыстың басқа да түрлерiне бiрлесiп қарсы тұру үшiн тығыз ынтымақтастық орнатуға келiстi. Өз кезегiнде Сенегал президентi Қазақстанның БҰҰ-ның қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы бiрыңғай әлемдiк жүйе құру жөнiндегi бастамасын құптап, БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi ретiнде осы мәселенi iлгерiлетуге дайындығын айтты.

Тараптар өзектi және өңiрлiк проблемаларды шешу үшiн екiжақты консультациялық тетiктер арқылы, сондай-ақ халықаралық және өңiрлiк ұйымдар шеңберiнде, атап айтқанда БҰҰ, Ислам ынтымақтастық ұйымы, Африка одағы аясында диалог пен күш-жiгердi үйлестiрудiң маңыздылығын атап өттi.

Өз кезегiнде Сенегал президентi Қазақстанның өзектi жаһандық және өңiрлiк шешудегi белсендi ұстанымын, оның бейбiтшiлiк пен жаһандық әрiптестiк қағидаттарын жоғары бағалап, сондай-ақ Астананың жоғары халықаралық беделiне сенiм бiлдiре отырып, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшелiгiне кандидатурасын қолдайтынын жеткiздi.

Бұдан бөлек, Сенегал тарапы ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың штаб-пәтерi Астанада орналасатын Азық-түлiк қауiпсiздiгi жөнiдегi Ислам ұйымыны құру бастамасын жоғары бағалады және осы ұйымның жарғысына таяу арада қол қоюға дайындығын бiлдiрдi. 

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер