BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қазақстан мен Монако арасында меморандум қабылданды

 АСТАНА. 13 наурыз. BAQ.KZ – Бүгін Астанада ҚР Бас прокуратурасы мен Монако Князьдігінің Әділет министрілігі екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша «Өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Меморандум Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Монако Князі ІІ Альбермен кездесуі барысында қабылданған Бірлескен декларацияны іске асыру мақсатында жасалды. Бірлескен декларацияның шеңберінде халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту бойынша бірлесіп жұмыс атқару туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.
 

 

Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:


- Бұл меморандумға қол қою қазақстандық құқықтық жүйеге сенімнің артуын дәлелдейтін маңызды қадам екенін атап өткен жөн. Алдағы уақытта екі мемлекет арасында құқықтық қатынастарды одан әрі дамыту үшін тәжірибе алмасу ісіне көңіл бөлетін боламыз.


Меморандумға қол қойған екі тарап та бұл рәсімнің Қазақстан мен Монако уәкілетті органдарының ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тердеңдетуге мүдделілігін, сондай-ақ қазақстандық құқық қорғау органдарының трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа интеграциялануын растайтындығын атап өтті.
Айта кетейік, аталған меморандумға екіжақты қол қою рәсімі Монако Князьдігінің Әділет министрі (Заң қызметінің директоры), Мемлекеттік Кеңес төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы Филипп Нарминоның Астанаға ресми сапары аясында өтті.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 


Сурет ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен алынды.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер