BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Молдова арасындағы келісім қаралды

Астана. 11 ақпан. Baq.kz – Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан мен Молдова Үкіметтері арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және осы келісімді іске асыру бойынша атқару хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Келісім мен Хаттама уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтаудың және оларды қауіпсіз әрі реттеп қайтарудың тиімді рәсімдерін айқындайды, сондай-ақ осындай адамдардың транзитіне ықпал етеді.

Хаттамада адамдардың реадмиссиясын жүзеге асыру бойынша Тараптардың мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі, қажетті құжаттаманың тізбесі мен үлгілері сияқты жеткілікті дәрежеде тиімді тетіктер қамтылған.
Құжат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Келісім мен Хаттама Қазақстан мен Молдова Республикалары арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер