BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Алжирдің сыртқы саясат ведомстволары консультация өткізді

Астана. 19 ақпан. Baq.kz - Алжирде Қазақстан мен Алжирдің сыртқы саясат ведомстволары арасында консультация өтті. 

Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, алжирлік тарапты АХДР Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің жауапты хатшысы Абдельхамид Сенуси Берекси басқарды.

«А.Мусинов алжирлік тарапты алдағы уақытта өтетін парламентік сайлау, елдің қазіргі экономикалық ахуалы және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен Мемлекет басшысы жария еткен 5 институттық реформаларды жүзеге асыру аясында әлемдік экономикалық дағдарыстың теріс ықпалын төмендету бойынша Үкімет қабылданған шаралар жайында құлақтандырды», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Консультация барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басда салалардағы екіжақты, көпжақты түрлі аспектілер талқыланды. Халықаралық күнтәртіптегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, тараптар негізгі халықаралық және өңірлік проблемаларда Қазақстан мен Алжирдің станымдары ұқсас екендіктерін атап өтті.

«Келіссөздердің нәтижесінде екі елдің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының ресми сапарларын ұйымдастыру, бейінді министрліктер мен ведомстволар арасындағы байланыстарды жолға қою туралы уағдаласққа қол жеткізілді. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты бірлескен үкіметаралық комиссия, сонымен қатар Қазаһқстан мен Алжир бизнес өкілдерінің іскерлік кеңесін құру қажеттілігі аталып өтілді», - делінген хабарламада.

Алжирлік дипломаттар парламентаралық байланысты жолға қоюға және екі мемлекеттің заң шығарушы органдарының достық тобын құруға мүдделік танытты.

А.Мусинов Алжир сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Рамтан Ламамрамен кездесті. Кездесуде ол ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырсовтың 2015 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы барысында Қазақстан Президентінің «Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясын» қабылдау туралы бастамасына қолдау білдірген ризашылық хатын табыс етті.

Өз кезегінде алжирлік миинстр Азық-тұлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына қосылуға дайын екендіктерін білдіріп, «ЭКСПО-2017» көмресіне қатысатындықтарын қуаттады. Сонымен қатар ол 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдайтындықтарын білдірді.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер