BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қазақстан ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі Бас Ассамблеясының төрағасы болып сайланды

28 сәуір. Астана. Baq.kz - Астана өтіп жатқан Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымы министрлері конференциясының жетінші сессиясы аясында Бас Ассамблеяның төрағасы болып Қазақстан Республикасы тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  

«2011 жылдың 28-30 маусымында Астана қаласында болып өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің 38-сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ислам Ынтымақтастық Ұйымы аясында, штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан азық-түліктің өзара көмек жүйесін құрудың мақсатқа сай екендігі жөнінде ұсыныс жасаған болатын еді», - деді министр.

А.Мамытбековтің айтуынша, бастаманы сол кезде Ислам Ынтымақтастық Ұйымының барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдаған. Қазақстан тарапы жаңа ұйым жарғысының жобасын әзірлеп, барлық келісу кезеңдерінен өтіп үлгерді. 2013 жылы 9-10 желтоқсанда Гвинеяның Конакри қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің 40-сессиясы барысында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Жарғысына 19 ел қол қойған. Одан кейін жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазіргі күні ұйымның құрамында 29 мүше мемлекет бар.

«Сәуірдің жиырма алтысынан басталған Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясының барысында жаңа ұйымның жұмыс органдары толықтай тағайындалды. Ұйым Бас Ассамблеясының төрағасы болып Қазақстан Республикасы сайланып отыр. Бас Ассамблея Төрағасының орынбасарлары болып Кот-д-Ивуар және Палестина мемлекеттері бекітілді. Сессия барысында Ұйымның басты жұмыс органы — Атқарушы Кеңестің мүшелері мен төрағасы сайланды. Отырыс барысында Нигер, Буркина Фасо, Сауд Арабиясы, Судан, Түркия, Бангладеш Атқарушы Кеңестің мүшелері болып сайланды. Қазақстан — Атқарушы Кеңестің тұрақты мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, ұйымның тұрақты жұмыс органы — Хатшылықтың Бас директоры болып Қазақстан Республикасы ұсынған Е. Жалмұханов сайланды», - деді Асылжан Мамытбеков.

Жұмыс органдары тағайындалған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы өзінің іс жүзіндегі жұмысын жуық уақытта бастайтын болады. 

Жанкелді Қаржан

Жандос Рахымбекұлы (ФОТО)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер