BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Елшісі БАӘ Стратегиялық зерттеулер орталығының Бас директорымен кездесті

Астана. 18 наурыз. Baq.kz – Әмірліктердің Стратегиялық зерттеулер орталығының Бас директоры доктор Жамал Санад әс-Суейди ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы жаңа дағдарыстар жағдайындағы инновациялық бастамаларын зерттеуге қызығушылығын білдірді. Ол бұл туралы үстіміздегі жылғы 9 наурызда Абу-Дабиде Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шарифпен өткен кездесуде мәлімдеген болатын, - деп хабарлайды Сыртқы істер минитсрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломат, өз кезегінде, 1992 жылы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев берік идеологиялық іргетасын «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясында» қалаған қазақстандық эволюциялық жолдың 2050 жылға дейін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру бағыты бойынша табысты жалғасып келе жатқанын атап өтті.

Қ.Лама Шариф Әмірліктердің Стратегиялық зерттеулер орталығына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың араб тіліне аударылған «Қазақстандық жол», «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» кітаптарын, «Дағдарыстан шығу кілті», «Бесінші жол» мақалаларын, сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы «Н.Ә.Назарбаев – этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы», «Елбасы – мемлекет құрушы» және тағы басқа кітаптарды сыйлады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер