BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қазақстан БҰҰ-ның адамзат дамуының индексі рейтингінде 14 сатыға көтерілді

 Астана. 15 желтоқсан. BAQ.kz – 2015 жылғы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Адамзат дамуы туралы кезекті баяндамасын (Human Development Report) жариялады. Онда Адамзат дамуы индексі (Human Development INDEX) бойынша есеп берілген. 

Эфиопия астанасы Аддис-Абебада көпшілікке жарияланған жаңа баяндамаға сәйкес, Қазақстан рейтингі 14 сатыға жоғарылап, 56 орынға дейін көтерілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Адамзат дамуының индексі елдер арасындағы өмір сүру, сауаттылық, білімділік және өмір сүру ұзақтығы деңгейін адамзат әлеуетінің негізгі өлшемдері ретінде салыстыру мақсатында жыл сайынғы негізде саналады. Адамзат дамуының индексін санау кезінде 3 түрлі көрсеткіш ескеріледі:
1. Күтілетін өмір сүру шамасы – ұзақ өмір сүру болып бағаланады.
2. Ел халқының сауаттылық деңгейі (оқуға жұмсалған жылдардың орташа саны) және оқу ұзақтығының болжалды мерзімі.
3. АҚШ долларымен есептегенде сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдігі бойынша адам басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс арқылы бағаланған өмір сүру деңгейі.

Баяндамаға сәйкес Қазақстан адамзаттың даму деңгейі жоғары елдер тобына кіреді және 2015 жылы осы көрсеткіш бойынша 56-орынды иеленді (2014 жылмен салыстырғанда, 14 тармаққа жоғарылады). Адамзат дамуының индексі 0.788-ді құрады (2014 жылы – 0.757); өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші – 69.4 жас (2014 жылы – 66.5 жас); оқуға жұмсалған жылдардың орташа саны – 11.4 жыл (2014 жылы – 10.4 жыл); ал білім алу ұзақтығының көрсеткіші өзгеріссіз қалып, 15 жылды құрады. Адам басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 20,876 долларға жетті (2014 жылы – 19,441 доллар).  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер