BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингісі бойынша 41 ұстанымға көтерілді

Астана. 5 ақпан. Baq.kz – Әділет министрлігінің алқа отырысында Дүниежүзілік Банктің «Бизнесті жүргізу 2016 жыл» баяндамасына сәйкес Қазақстан 2014-2015 жылдар ішінде бизнесті жүргізу көрсеткіштерін жақсарту бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген он елдің қатарына кіргендігі мәлім болды. Жүргізілген реформалар қорытындысы бойынша Қазақстан «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингісі бойынша 41 ұстанымға көтерілді.

Бұл ретте, Әділет министрлігіне бекітілген индикаторлар бойынша барлығы 45 ұстанымға көтерілуге қол жеткізілді, бұл жалпы рейтингтегі Қазақстан Республикасының көрсеткіштерінің 41 пайызға жоғарылауына әкелді.

«Келісім-шарттарды орындау» индикаторы бойынша Қазақстан 2015 жылы өз ұстанымын 19 тармаққа жақсартып, 9 орынды иеленді.

Сонымен қатар, Әділет министрі Берік Имашев ағымдағы жылы барлық деңгейдегі әділет органдарының жұмысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «Бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында және «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауда көзделген ауқымды мақсаттар мен міндеттерді одан әрі іске асыруға бағытталатынын атап айтты.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер