BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан 2015 жылы ТМД елдерінің туризм кеңесіне төрағалық етеді

 АСТАНА. 15 наурыз. BAQ.KZ - Қазақстан 2015 жылы ТМД елдерінің туризм кеңесіне төрағалық жасайтын болады. Бұл туралы Мәскеуде өткен «ТМД және өзара іс-қимылдардың жаңа үлгісі» атты халықаралық экономикалық форумда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлім етті.

 «2015 жылы Қазақстан ТМД елдерінің туризм жөніндегі кеңесіне төрағалық жасайтын болады. Жалпы, қазақстандық тарап туризм жылы бойынша іс-шаралар жоспарына 20 тармақ енгізіп отыр. Бұл бастаманы республиканың барлық өңірлері қолдап, өздерінің де шараларын ұсынды», - деді ол.

Бұл туралы аталмыш комитеттің баспасөз хабарламасында айтылған.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің туризм жөніндегі кеңесі 1994 жылы құрылған болатын. Оның құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина өкілдері кіреді. Кеңес ТМД елдерінде туризмді дамытудың бірыңғай стратегиясын әзірлеуге баса назар аударады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер