BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақ тілі» қоғамы: Қазақстанның ұстанымы әлемді сүйіндіріп отыр

Еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелікке өтуін, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аса қуанышпен қабылдайды.

Бұл – тілі бөлек болғанмен тілегі бір, жүзі бөлек болғанмен жүрегі бір отандастарымыздың ортақ мақтанышы.

Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген 25 жылда осындай халықаралық аренаға көтерілуге, танылуымызға себеп болған жайттар көп.

Солардың ішінде даму және халықаралық стандарт салаларындағы мақсаттарға қол жеткізген, орташа табыс деңгейіне ие, әлемдегі экономикасы ең қарқынды ілгерлеген тұрақты, прогрессивтік және бейбіт мемлекеттердің бірінен болуымыз басты рөл ойнады.

Ал, ядролық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі Қазақстанның ұстанымы – әлемді сүйіндіріп отыр.

Құрметті Отандастар, осының бәрі елдегі ынтымақтың, берекенің арқасында қол жеткізілген жетістіктер.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тұсындағы осынау толағай табысты – Қазақстан халқының ұлы жеңісі деп бағалаймыз.

Халқымыз ымырадан айырылмай, жеңістен жеңіске жете берейік!

Еңбегіміздің бәрі ел игілігіне жұмсалсын!

Тәуелсіздігіміз баянды болсын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер