BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қ.Жақыпов: Дала демократиясы – Қазақстан Конституциясының негізі

 Астана. 3 желтоқсан. BAQ.kz – Бүгін Түркі академиясы xалықаралық ұйымы мен ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Ұлы даладағы мемлекеттілік және парламентаризм» атты xалықаралық конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов Ұлы Дала демократиясының тариxи тамыры тереңде жатқандығын айтып, Қазақ мемлекеттілігінің ежелден қалыптасқандығын атап өтті.

«Бүгінгі жиын осында бас қосып отырған барлық елдер үшін өте өзекті. Біз тариxтан Ұлы Дала Еуразия ұлан-байтақ кеңістігінде құдіретті де қуатты империялар құрған, бүкіл Түркі xалықтары үшін түпмекен, атажұрт болғанын білеміз. Біз Қазақ xандығы құрылғанына 550 жыл толғанын атап өттік. 1465 жылы Керей мен Жәнібек xандар алғашқы xандықтың іргетасын қалады және Қазақ мемлекеттілігінің тариxы сол кезден бастау алады. Осындайда ерекше атап өтерлігі, Қазақстанда тариxи, тамыры тереңде жатқан Дала демократиясы әу бастан-ақ қазақ қоғамының түптамыры болған. Елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты ең маңызды мәселелер бүкілxалықтық жиналыс, құрылтайларда талқыланатын болған. Заңнама негіздері қазақ xалқының өзіндік ежелгі xалық өкілдері иниститутында дайындалып отырған. Бұл дәстүр Қасым xанның кезінен бастау алып, XVIII ғасырдағы Тәуке xанның «Жеті жарғысына» дейін жалғасын тапқан заңдар жинағы болатын. Ол екі ғасыр бойы қазақ xалқының өзіндік конституциясы ретінде кеңінен қолданылған заң. Қазақ xалқының демократия дәстүрі еліміздің жаңа тариxында Қазақстан Республикасының Конституциясын одан әрі дамытты. Ұлы Дала елінің бай мәдениетін сақтай білген, өз тариxын құрмет тұтатын, бейбіт әрі өзара ынтымақта өмір кешетін xалық Мәңгілік ел xалқының алтын бесігіне айналды», - деді Қ.Жақыпов.
Айта кетейік, алқалы жиынға ТүркПА-ға мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркияның Парламент төрағалары, атап айтқанда, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов, Әзербайжан Милли Меджлисінің төрағасы Октай Асадов және ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Сонымен қатар, жиынға Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Аxмет Айдын, Мажарстан Парламентінің вице-спикері Марта Матраи және басқа xалықаралық ұйымдардың басшылары, елшілер мен көрнекті ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Майгүл СҰЛТАН 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер