BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қ.Тоқаев Польша мен Эстония елшілерін қабылдады

Астана. 2 ақпан. Baq.kz – Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Елшісі Мачей Лангты және Эстония Елшісі Яан Рейнхольдты олардың өтініштері бойынша қабылдады.

Сенат Төрағасы елшілерді Ұлт жоспары мен Бес институттық реформаны іске асыру жайында хабардар етті. Спикер Қазақстанның Эстония және Польшамен өзара қарым-қатынастарының достық сипатына тоқтала келіп, парламентшілер арасындағы нәтижелі үнқатысуды, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея аясындағы өзара сындарлы іс-қимылды атап өтті. Қ.Тоқаев Эстония және Польша тараптарын Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.

Эстония және Польша дипломатиялық миссияларының басшылары парламенттік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі тереңдету арқылы Қазақстанмен өзара тиімді қатынастарды нығайтуға ықпал ететіндерін айтты.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер