BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қ.Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының жетекшілерін қабылдады

Астана. 1 ақпан. Baq.kz – Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және әлем істері жөніндегі Пагуош конференцияларының (Пагуош ғалымдар қозғалысы) Бас хатшысы Паоло Котта Рамусино мен осы ұйымның атқарушы директоры Сандра Ионо Батчерді қабылдады.

Пагуош қозғалысы бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік және ғылыми ынтымақтастық жолындағы ғалымдардың, саяси және қоғамдық қайраткерлердің ірі халықаралық ұйымы болып табылады. Ұйым атауы 1957 жылы Канаданың Пагуош қаласында алғашқы конференциясы өткен жерге байланысты қойылса, Рассел-Эйншейннің манифесі қозғалыстың негізгі құжатына айналды. Ұйым қарусыздану және қауіпсіздік саласындағы көптарапты негізгі келісімдерді: Ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салу туралы шарт; Ядролық қаруды таратпау туралы шарт; Ракетаға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы шарт; Биологиялық және химиялық қару түрлеріне тыйым салу туралы конвенция; Еуропадағы кәдімгі қарулар туралы шарт және басқа құжаттарды әзірлеу және қабылдауда маңызды рөл атқарды. 1995 жылы Ұйым Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ие болды.

Қозғалыс өкілдерінің пікірінше, Қазақстан ғалымдардың 2017 жылы мерейтойлық кездесуін өткізу үшін ең лайықты орын болып табылады, өйткені, Қазақстан халқы ядролық сынақ зардаптарын өз басынан өткерді, ал қазіргі кезде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен мемлекет ядролық қарусыздану мәселелері бойынша жетекші ел болып мойындалды.

Қ.Тоқаев Пагуош қозғалысы ядролық қарусыздану және оны таратпауға, сондай-ақ шиеленістерді реттеуге ғалымдардың қосқан қомақты үлесі үшін Қазақстанда құрметке ие екенін атап өтіп, ұйым басшылығының сапарына жылы шырай білдірді. Қ.Тоқаевтың айтуынша, әлемдік қоғамдастық Президент Н.Назарбаевты ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы деп санайды, сондықтан Қазақстанда Пагуош конференциясын лайықты өткізу мәселелері үкіметте пысықталатын болады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер