BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қ.Сарыбай БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының Бас директорымен кездесті

Астана. 13-наурыз. Baq.kz – Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы Венадағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай мен БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) Бас директоры Ли Юн өзара сенім грамоталарын тапсыру мақсатында кездесті, - деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

«Әңгімелесу барысында Ли Юн ЮНИДО мен Қазақстан ынтымақтастығына жоғары баға беріп, соңғы жылдары екіжақты әрекеттесу деңгейінің елеулі көтерілуін, ЮНИДО тарапынан техникалық көмек көрсетудің ірі жобалары пысықталуының, соның ішінде Қазақстанға арналған Шеңберлік елдік бағдарламасын атап өтті. Сонымен қатар Бас директор Қазақстан Ұйымның аймақтық жобаларын іске асуына белсенді қатысуын баса айтты»,- деп жазылған хабарламада.

Өз кезегінде Қ.Сарыбай Қазақстанда іске асып келе жатқан индустриаландыру саясаты мен индустриалды даму бойынша мемлекеттік бағдарламаның екінші бесжылдығының пысықталуы аясында ЮНИДО Бас директорының 2014 жылғы 2-5 мамырда орын алатын Қазақстанға іссапары ынтымақтастықтың әрі қарай нығайуы үшін айтарлықтай маңызы бар екенін хабарлады. Дамушы елдер мен өтпелі экономика елдерінің өнеркәсіптік дамуына жәрдемдесудегі ЮНИДО-ның озық тәжірибесін ескере отырып, Қ.Сарыбай қазақстан тарабының Ұйыммен келесі бес басымдылық бойынша ынтымақтасуға мүдделігін растады: өнеркәсіптің энергиялық тиімділігі; өнеркәсіптік модернизация; өнеркәсіптік статистика; технологиялық форсайт; сауда потенциалын нығайту.

«Тараптар ағымдағы ынтымақтастықтың қанағаттанарлық жағдайда екенін атап өтіп, Қазақстан мен ЮНИДО арасында техникалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, соның ішінде Қазақстанға арналған Шеңберлік елдік бағдарламаны іске асыру, ұлттық және аймақтық жобаларды жүзеге асыру мен ЮНИДО-ның тегіс қамтитын және орнықты өнеркәсіптік даму бойынша жаңа тұжырымдамасын іске асыру арқылы»,- деп хабарлады баспасөз қызметі.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер