BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

"Интурмаркет-2014" халықаралық туристік көрмесінің ашылуы өтті (ФОТО)

Мәскеу. 18 наурыз. Baq.kz - 2014 жылы әлемдік туристік ағын бір миллиард жүз миллионнан артық адамды құрайтын болады деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі 

15 наурызда Мәскеу қаласының «Крокус ЭКСПО» көрме орталығында «Интурмаркет-2014» халықаралық туристік көрмесінің ашылуы өтті.

Қазақстандық стендтің ұйымдастырушысы - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті болып табылады. Қазақстандық стенд киіз үй тәріздес заманауи нақышта жасалды.

Көрмедегі қазақстандық стендке Бүкіләлемдік туристік ұйымының (ЮНВТО) бас хатшысы Талеб Рафаи келді. Ол өңірлердегі туризмнің дамуы дұрыс қарқында екенін және өңірлерде «Ұлы Жібек жолы» сияқты туристік өнімді ілгерілету қажеттігінатап өтті. Сонымен қатар, ЮНВТО басшысы 2013 жылы әлемдік турағын миллиардтаған планкалардан асып түскенін мәлімдеді. Туризм мақсатында 1 млрд. 87 млн. адам өз елдерінен шетелдерге шыққан. Турағын осы жылы тағыда 4,5-5%-ға артуы күтілуде.

ҚТ ИЖТМ Туризм индустриясының төрағасы Марат Иғалиев атап өткендей, осы жылы көрмелердегі қазақстандық стандіндтерінде тек өңірлердің туристік әкімшілік өкілдері ғана емес, көптеген туристік компаниялар да қызмет атқарып жатыр. «Елде ішкі туризмді ілгерілету бойынша жалпы саясатпен байланысты екеніне сенімдімін». Қазақстан көрмеде ЭКСПО-2017 көрмесінің, еліміздің туристік мүмкіндіктерінің арнайы таныстырылу рәсімі бойынша масштабты көрмелерді Астана мен Алматы қалаларында, содай-ақ Алматы, Маңғыстау облыстарында өткізуді жоспарлап отыр.

Осы жылы жәрмеңкеге әлемнің 148 мемлекеттері мен өңірлерінен өкілдер қатысатын болады және оған қатысуға 1500-дей компания өтінім білдірді. Көрме ұйымдастырушыларының болжамы бойынша көрмеге 80 мың адамдай келетін болады. Көрме 18 наурызға дейін жалғасып, бірінші кезекте кәсіби аудиториямен жұмыс жасауға тұспалданған. Көрме шеңберінде, қазақстандық өкілдік топ конференцияларға, семинарларға, мастер-кластарға, дөңгелек үстелдерге және презентацияларға қатысатын болады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер