BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Г. Исімбаева латвиялық әріптесімен кездесті

Астана. 1 маусым. Baq.kz – Бүгін Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Латвия Республикасының Саэйме (Парламент) Төрағасының орынбасары Либиня-Эгнеремен кездесті, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Латвия делегациясы Астанаға «Дін лаңкестікке қарсы» халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген болатын.

Кездесу барысында парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне айрықша көңіл бөліне отырып, қазақстандық-латвиялық қарым-қатынасты дамытуға баса назар аударылды.

Тараптар атап өткендей, көпжақты ықпалдастық және халықаралық саясаттағы өзекті сұрақтар төңірегінде біздің елдеріміздің ұстанымдары өте ұқсас.

Осы ретте вице-спикерлер біздің елдеріміз мүше саналатын БҰҰ алаңдары, басқа да халықаралық платформа аясында жан-жақты әріптестік тұрғысынан қолға алынып жатқан шараларға тоқталды. Г. Исимбаева латвиялық тарапқа Қазақстанның ДСҰ-на кіру және 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдағаны үшін өз алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық және өту барысында Латвия Республикасының белсене қатысатынына сенім білдірді.

Гүлмира Исимбаева атап өткендей, қазіргі уақытта біздің елдеріміз арасында екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыты, яғни, «жасыл технологиялар» жолында латвиялық мамандармен білім, тәжірибе алмасу жолға қойылды. Осыған орай, Латвия мамандары қазақстандық әріптестерімен азаматтық авиация, азық-түлік қауіпсіздігі, стандарттау, таза технологиялар енгізу мәселелерінде етене байланыс жасауда.

Өз кезегінде Либиня-Эгнере әсіресе, білім саласындағы қарым-қатынастың маңызы айрықша екенін атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген жастары аталған мемлекеттің жоғары оқу орындарында инженерия, аэронавигация және туризм бағыттары бойынша тереңдете білім алуда.

Мәжіліс вице-спикері Қазақстанда Еуропалық Одақпен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімнің ратификацияланғанын алға тарта отырып, Латвия тарапының да осы процесті жеделдедтіп қолға алу қажеттілігін атап өтті. Ол турасында Саэйме Төрағасының орынбасары аталған құжаттың өз елдерінде бірніші оқылымда қаралғанын мәлімдеді. Бұл келісім Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық, мәдени байланыстардың берік негізін қалауға бағытталған.

Г.Исимбаева мәртебелі мейманды Мәжілістің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, Қазақстан Президентінің бес институционалды реформаларын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық қолдау тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Парламентаралық ынтымақтастық саласында тараптар бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар деңгейінде, өзара іс-қимылды одан әрі нығайта түсу мүмкіндігінің зор екеніндігіне сенімді.

Либиня-Эгнере Саэйме Төрағасының атынан Мәжіліс Спикерінің атына Латвия еліне ресми іс-сапармен келу шақыруын табыс етті.

Зәмеш КЕҢЕСҚЫЗЫ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер