BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде әуе тарифтері теңестірілмек

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Еуразиялық экономикалық одақта әуе көлігі саласында «Жол картасы» қабылданады. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бірыңғай көлік кеңістігін құру тұрғысында әуе көлігі саласында «Жол картасы» қабылданады. Бұл өз кезегінде әуе сапарлары мен әуежайларда тарифтерді теңестіруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Сонымен қатар Дмитрий Медведев биыл Ресей ЕАЭО-ға төрағалықты өзіне алатынын айта келе, төрағалық аясында қандай салаларға басымдық берілетінін атап өтті.

«Соңғы екі жылда нормативтік-құқықтық салада елеулі жұмыстар атқарылды. Төрағалық аясында бүгінгі тақырыптарға әрі болашаққа негізделген стратегиялық мәселелерге назар аударамыз. Осы орайда экспорт пен инвестициялық климатты қолдау, еңбек стандарттары, серіктестермен өзара іс-қимылды күшейту бағыттарына ерекше мән беріледі», - деді Ресей премьер-министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер