BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.86
Астана:

Эстонияның Қаржы министрі Астанада дәріс оқыды

Астана. 24 мамыр. Baq.kz - Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Эстония Республикасының Қаржы министрі Свен Сестердің қонақ дәрісі болып өтті. 

Аталған дәріске Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары, докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Академия ректоры Болатбек Абдрасилов Эстония министрін қарсы алып, Қазақстанның жас мемлекеттік қызметшілерінің Эстонияның мемлекеттік саясат және экономика саласындағы озық тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытатынын білдіріп, іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Дәріс барысында Свен Сестер мырза Қазақстанмен арадағы сыртқы экономикалық қатынастардың дамуының негізгі бағыттары, Эстониядағы табысты мемлекеттік және әкімшілік реформалар туралы айтып, қаржы ресурстарын ұтымды басқару тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ министр эстониялық мемлекеттік қызмет үлгісінің басты басымдылықтары, тиімді электрондық үкіметті қалыптастыру мәселелері мен Эстония Үкіметінің сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша басымдылықтары жайлы жан-жақты мәлімет берді. Свен Сестер мырза ағымдағы жылдың 26 мамырында Астана экономикалық форумы аясында өтетін «Институционалдық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін кәсіби мемлекеттік аппарат» атты Жаһандық конференцияға негізгі спикерлердің бірі ретінде қатысып, сөз сөйлейді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер