BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздің ядролық қарудан бас тартуы – тарихи қадам

 АСТАНА. 26 наурыз. BAQ.KZ – Қырғызстанның қоғам қайраткерлері Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын тарихи қадам деп бағалайды. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

 Олардың ойынша, ядролық қаруды бейбіт мақсатта қолдану – қазақ елінің саяси болашағы. Егемендік алған жылдары осындай қадамға баруы – ел тізгінін ұстаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі. Елбасы егемен елдің әлемдік саяси аренадағы ұстанымын жария етті. Ол – бейбітшілік пен бірлікті қолдау.

 

Тоқтогүл Какчекеев, Қырғызстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қоғамдық бақылау кеңесінің төрағасы:

- Ядролық қарудан және қарудың басқа түрлерінен бас тарту – гуманистіктің белгісі. Соғысты болдырмау, бейбіт және дипломатиялық келісімдерге келу – дұрыс саяси ұстанымның көрінісі. Қазақстан осыны жақсы түсінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер