BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЭЫДҰ өкілі жемқорлықпен күрестегі үздік тәжірибесімен бөліспек

Астана. 2 ақпан. Baq.kz – Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобы төрағасы Драго Кошпен пікір алмасты.

 

Кездесу барысында транзиттік қоғамдардағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, басқарушылық шешімдерді қабылдау ашықтығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жеморлықтың алдын алудың институционалды аспектілері, Ұлт Жоспары - "100 нақты қадамды" жүзеге асыру, оның ішінде, заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, транспарентті, есеп беретін мемлекетті дамыту бойынша мемлекеттік органдар ұмтылыстарына қолдау көрсету мақсатында әрі қарай ынтымақтасу жолдары талқыланды. Кош мырза мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Осы сапар барысында Драго Кош ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрі Талғат Донақовпен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Ректоры Болатбек Әбдірәсіловпен және ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдар Академиясының Ректоры Ұлан Байжановпен кездесу өткізеді жоспарланған.
Оған қоса ол Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында семинарлар мен лекциялар өткізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және мемлекеттік басқару саласындағы белгілі халықаралық сарапшының Қазақстанға сапарын Астанадағы Өңірлік хаб ұйымдастырған.
Драго Кош 2014 жылдан бастап ЭЫДҰ парақорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобын басқарады. Ол оған дейін Словениядағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Комиссиясының сайланған алғашқы президенті қызметін атқарған. Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕК) төрағасы, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықпен күрес бойынша Еуропалық желісінің вице-төрағасы, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Еуропалық Кеңес мамандар тобының мүшесі болған.
Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб аймақтағы елдер мемлекеттік қызмет бойынша үздіксіз тәжірибе мен білім алмасуы үшін институционалды негіз ретінде құрылған. Бастапқыда 25 қатысушы елден тұрған Астаналық хабқа қазір Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ТМД, Орталық Азия және ASEAN мемлекеттерін қамтитын 32 қатысушы мемлекет пен 5 халықаралық ұйым кіреді.
 

ФОТО: el.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер