BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Е.Ыдырысов Жапония Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Астана. 13-наурыз. Baq.kz – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Жапония Сыртқы істер министрінің орынбасары Синсукэ Сугиямамен (Shinsuke Sugiyama) кездесу өткізді, - деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі, әсіресе өңірдегі ахуал мен Украинадағы саяси дағдарыс талқыға салынды. Жоғары деңгейдегі кездесулер кең ауқымды мәселелер бойынша еіжақты ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы болып табылатыны атап өтілді. Оған 2013 жылғы 6 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында G-20 саммиті шеңберінде өткен Қазақстан және Жапония көшбасшыларының кездесуі дәлел.
Сұхбаттасушылар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың болашағын талқылады. 2013 жылы көлемі 1,7 млрд. АҚШ долл. құраған екіжақты сауда айналымының оң серпіні атап өтілді.

Қазақстандық-жапониялық қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту жұмыстары туралы айта отырып, сұхбаттасушылар Инвестицияларды ырықтандыру, тарту және қорғау жөніндегі Келісімге қол қою инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Атомды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Жапония жетістігін назарға ала отырып, Е.Ыдырысов қазақстандық-жапониялық ынтымақтастықтың болашағы бар бағыттарының бірі атом өнеркәсібінің кооперациясы болып табылатынын жеткізді.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылу мүмкіндігі мен болашақта екі ел арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар, қазақстандық СІМ басшысы жапониялық тарапты «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсене атсалысуға шақырды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер