BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығы: Қазақ халқының ұландары бүгін айырықша қуанышта

Әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын қазақ халқының ұландары бүгін айырықша қуанышта.

2017-2018 жылдары Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы, қазақстандықтармен қатар сырттағы қандас бауырларымызды да шаттыққа кенеді.

Еліміздегі бейбітшілік, қауіпсіздік, адам құқығы, заң ұлықтылығы және тұрақты дамуды жауапкершілікпен қолдап, үлес қосып жатқаны дауыс беруші елдердің қанағаттанарлық сенімін нығайтты.

Егемендік алғаннан кейінгі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көлемі жағынан әлемдегі екінші ядролық полигоннан және әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы – жаһан өркениетінің жадынан ешқашан өшпек емес. Тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті ретінде алғашқы қабылдаған қаулы – тарихи шешімге айналды. Сөйтіп, бұл қадам –адамзаттың дамуы мақсатында ядролық қарудан бас тарту үлгісі болды.

Сондай-ақ, аймақтың басқа елдерімен қатар, 2009 жылы наурызда күшіне енген, Орталық Азияда ядролық қарудан еркін аймақ құруда Қазақстан көшбасшы болып келеді.

Осындай қауіпсіздік мақсатында айтулы қадамдарға барған Ұлы Дала елі – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше елдерінің қатарына енді.

Осынау толағай табыс Қазақстанға жаңа міндеттер жүктеумен қатар, бейбітсүйгіш ел ретінде әлемге абыройын асқақтата түседі.

Осының бәрі тәу етер Тәуелсіздіктің арқасында, ауызбіршіліктің нәтижесінде жеткен жеңіс.

Ендеше, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Қазақстан – Мәңгілік Ел жасасын!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер