BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бұл қиындықпен келген аса маңызды жеңіс – Е. Қарин


Кеше Қазақстан алғаш рет 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланған болатын. Осыған байланысты танымал саясаттанушы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Ерлан Қарин өзінің фейсбуктегі парақшасында бұл қиындықпен келген аса маңызды жеңіс болғанын айтты.

«Жаңа ғана Бірікке ұлттар ұйымы дауыс беру қорытындысы жеңіске жеткен Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес жаңа мүшесін хабарлады. Біздің басты бәсекелес Таиланд мемлекеті болды. Бұл өте мықты қарсылас. Әлемнің бірнеше елімен әріптестік байланыс жүргізіп отырған танымал елдердің бірі. Ең бастысы, Таиланд Оңтүстік Шығыс Азия мен Тыңық мұхит аймағы бойынша қарым-қатынас жүргізіп отыр. Сондықтан көбісі Бангкоктың кандидатурасын қолдады. Оның үстіне әлемнің ірі мемлекеттері Таиландқа көңіл аудара бастады. Себебі бұл аймақта жағдай аса мәз емес. Жыл бойы алдын-ала дауыс беру қорытындысы бойынша Бангкок пен Астана бірдей келе жатты. Шынын айтам, ең соңғы сәтке дейін жеңіске жететінімізге толық сенімді болған жоқпын. Дегенмен Астананың тарихи жеңісі мені таңқалдырды.

Жыл басында ҚСЗИ 2016 жылы Орталық Азияда болатын 10 маңызды оқиғаға болжам жасаған болатын. Соның ішінде ҚСЗИ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болатынын болжаған еді. Сондықтан бұл жағдай Халықаралық субъективті нығайтуда Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды деп білемін», – дейді Е. Қарин.

Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс беру нәтижесінде Қазақстанға 193 елдің 138 мемлекеті дауыс берді. Сөйтіп Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Қазақстан осы сайлаудағы басты бәсекелесі Тайланд елінен 55 дауысқа басым түскен. Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан 1 орынға Қазақстан және Таиланд елдері таласқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер