BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Астанада екі күнге жалғасатын ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің саммиті басталады

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымының бірінші саммиті басталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осыған орай Астанаға Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Бангладеш Халық Республикасының президенті Абдул Хамид, Ауғанстан президенті Ашраф Гани Ахмадзай мен Мавритания президенті Мохаммед Ульд Абдель-Азиз және Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хуссейн қатарлы ұйымға мүше 55 елдің өкілдері, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер мен бірқатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың бірінші жетекшілері Астанаға келіп жетті.

Саммитке ИЫҰ мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің, халықаралық және өңірлік ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысады.

Саммитті шақыру бастамасын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы сәуірде Ыстанбұлда өткен 13-ші ИЫҰ Саммиті шеңберінде жария еткен болатын. Бұл шара ғылыми және технологиялық әлеуетті дамыту саласында мұсылман қауымының күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Саммит қонақтарының 10 қыркүйекте «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми жабылу салтанатына қатысулары да күтіліп отыр.

Қазақстан ‑ 1995 жылдан бері Ұйымның мүшесі. 2011-2012 жылдары ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессияна төрағалық етті. Оның барысында штаб-пәтері Астанада орналасатын Азық-түлік жөніндегі ислам ұйымын құру бастамасын көтерді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер