BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Берлин еуразиялық клубының алтыншы отырысы өтті (ФОТО)

Астана. 2 шілде. Baq.kz - Бүгін Елордада Берлин еуразиялық клубының алтыншы отырысы өтті. Онда екі елдің жауапты тұлғалары жаңа технологиялар мен білім арқылы модернизациялау – Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік аясында кең көлемде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Алқалы жиынға қатысқан еліміздің Германия Федеративті Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Онжановтың айуынша, клубтың ашылуы өткен жылдың ақпан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары барысында бастау алған. Оны құру шешімі бірінші кезекте Қазақстанның сыртқы саясаты үшін германдық бағыттың маңыздылығын көрсететін көрінеді.
«Берлин еуразиялық клубы сұхбат алаңының негізгі мақсаты жаңа интелектуальды мүмкіндіктердің еуропалық және азиялық мәдениеттер арасында өзара түсіністік жолдарын іздестіру. Сондай-ақ әлемдегі, атап айтқанда Қазақстан мен Орталық Азияда, Германия мен Еуропа аумағында жалпы Еуразияда орын алатын саяси үдерістердің дамуын болжау»,- деді Н. Онжанов.
Сонымен қатар отырыс барысында қарастырылатын мәселелер жөнінде Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев: «Біздің ойымызша, жоғарыда айтылған Елбасымыздың Германияға сапары аясында жасалған Қазақстан - Герман жобаларына көңіл бөлген жөн. Яғни, Қазақстан мен Германия арасындағы шикізат, өндіріс және технология салаларындағы серіктестік туралы келісім, сондай-ақ, германдық дуальды білім беру моделін ескеріп, қазақстандық кәсіби-техникалық мамандарды даярлауда брқатар тың жобаларды жүзеге асырудамыз»,-деді ол.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер