BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бейжіңде Абайға арналған ескерткіш ашылды

БЕЙЖІҢ. 19 наурыз. Baq.kz - Қытай астанасының орталығында «Чаоян» саябағында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайға арналған ескерткіш ашылды. 

Шара ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовтың Қытайға жасаған сапары барысында өтті.

Өз сөзінде ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Қазақстан елшілігіне - Қытай астанасында қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткішін орнату туралы идея бастамашысы мен мүсіннің авторы Юань Сикуньға алғысын білдірді.

«Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 22 жыл ішінде Бейжіңде қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің ашылуы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан ерекше үлес болып табылады», - деп атап өтті Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы.

Ашылу салтанатына қатысқан мүсінші автор Юань Сикунь да сөз сөйледі. Ол, «бүгін ресми түрде «Чаоян» саябағында Абайдың мүсінін орнату арқылы біз ұлы ақынды мәңгі есте қалдырдық» деп ерекше атап өтті.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Қытайда тіркелген дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері, сонымен бірге қытай суретшілері мен ақындары қатысты. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер