BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Басқа ұлт пен дінді сыйлау мәселесінде Қазақстанмен пікірміз ортақ – Джибути Республикасының елшісі

Астана. 4 желтоқсан. Baq.kz - Басқа ұлт пен дін өкілдерін сыйлау жне құрметтеу мәселесінде Қазақстанмен пікірміз ортақ. Бұл жөнінде Джибути Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Мохамед Әли Камиль ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдiқалықоваға сенім грамоталарын табыстау рәсімінен кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. 

«Қазақстан мен Джибути Республикасы арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде. Біздің құндылықтарымыз, діни көзқарасымыз, шығыс мәдениетін ұсануымыз және өмір сүру тәртібіміз де ұқсас. Басқа ұлт өкілдеріне, басқа дінді ұстанушыларға деген сыйластық пен құрмет мәселесінде Қазақстанмен пікірміз ортақ. Біз бірге кедейлікпен күресіп, тұрақты даму үшін күш салып келеміз. Сонымен қатар, Джибути Республикасының теңізге жақын орналасуы бойынша стратегиялық жай-күйі маңызды мемлекет. Бұл Еуропа, Азия және Африканы байланыстыратын теңіз көпірі іспеттес. Джибути бұл Таяу Шығыс пен Афрка арасындағы трамплин және Африка континентіне кіретін есік десек те болады», – деген ол сөз соңында Қазақстан мен Джибути Республикасы арасындағы достық қарым-қатынас жасасын деп ұрандатты.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер