BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.82
Астана:

Азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты қауіпсіздік жарғысы қабылданды

28 сәуір. Астана. Baq.kz - Астана өтіп жатқан Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымы министрлері конференциясының жетінші сессиясы аясында азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты қауіпсіздік жарғысы қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  

Бұл туралы сессия аясында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы бойынша маңызды шешімдер қабылдандып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының жарғысы 10 мемлекет ратификациялағаннан кейін толық күшіне енетіндігін атап өткен қажет. Қазір Қазақстан, Нигерия және Буркино-Фасо тарабынан ратификациялау рәсімдері аяқталып, енді ғана Кувейт елінің өкілі ратификациялау рәсім өткендігін жария етті», - деді министр.

Асылжан Сарыбайұлының сөзінше, қабылданған ережелерге сәйкес Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы жарғысы 10 қол қойғаннан кейін алдын ала қолданыла бастайды.

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы жарғысына бүгін рәсімдеген елдерді қоса есептегенде 31 мемлекет қолқойғаны белгілі. Жаңа мүшелерді қосу және қол қойған мемлекеттердің жарғыны ратификациялауы жөніндегі жұмыс жалғаспақшы. Қолдағы мүмкіндікті пайдалана отырып, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының толыққан мүшесі болуүшін сіздердің мемлекеттеріңіздің жарғыны жедел түрде ратификациялауына күш салуларыңызды сұраймын», - деп атап өтті министр өз сөзінде.  

Жанкелді Қаржан

Жандос Рахымбекұлы (ФОТО)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер